Тасқала ауданының тұрғыны героинмен ұсталды - БҚО

None
ОРАЛ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - 5 сәуір күні Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Құрманғазы көшесінде орналасқан «Юность» жатақханасының дәлізінде Тасқала ауданының 33 жасар тұрғынын белгісіз ұнтақ затпен құрықтады.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сараптама жүргізу барысында аталған ұнтақтың салмағы 3,31 грамм болатын героин есірткі заты екені белгілі болды. Героин есірткінің күшті түрі болып есептеледі.