Л. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданы орталығында әлеуметтік «Қамқор» дүкені ашылып, жұмыс жасай бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Өтеміс Мырзағалиевтің айтуынша, мұнда баға өзге сауда орындарына қарағанда, анағұрлым арзан. Елбасы тапсырмасына сәйкес әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға қамқорлық шаралары жалғаса беретін болады. Жалпы, биылғы алғашқы жартыжылдықта ауданда барлық қаржыландыру көздерінен 3045 отбасыға 34012,9 мың теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді. Барлық ауылдық округте әлеуметтік картаның базасы жасалды. Бағдарлама бойынша 370 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 632 адам өз еңбек орнын тапса, соның 238-і - мақсатты топтағылар.
Өңірде «Жол картасына» да сәйкес жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).