Жоспар бойынша жолшылар ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20 шақырым жол учаскесін жаңартуда.
Аталмыш учаскедегі жұмыстарға 83 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 151 адам жұмылдырылған.
Бүгінде нысанда бұрғылау, жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар жолдың жоғарғы қабатына асфальт-бетон жабынын төсеуде. Алдағы уақытта темір-бетон құбырларын орнату, Таскескен ауылында «Жол эксплутациялық пунктін» жөндеу жұмыстары басталады.
Биыл учаскедегі жұмыстар толық аяқталып, қолданысқа берілмек.