«Мемлекет басшысы елімізде болған ірі су тасқынының салдарын жоюда адам өліміне жол бермеу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, министрлік барлық күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағында қалған халықты тез арада эвакуациялауға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмылдырды. Құтқару жұмыстары қолайсыз ауа райы жағдайында және қиын жерлерде жүргізілді», - деді ол.
Министр тасқын кезінде әуе көлігінің орнына теміржол тасымалын пайдалануға тура келгенін атап өтті.
«Апат болған аймақтарда инженерлік техника мен әуе көлігінің жетіспеушілігі қатты сезілді. Тартылған техниканың басым бөлігі сапасыз әрі ұзақ мерзімді жұмыстарды жүргізуге жарамсыз болатын. Осыған байланысты, көптеген күштер мен құралдарды теміржол эшелондарымен және әуе кемелерімен жөнелту жүргізілді», - деді ведомство басшысы.