Тасқын кезінде эвакуацияланған 560 адамның созылмалы ауруы бар - ДСМ

АСТАНА. KAZINFORM – денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Тасқын кезінде эвакуацияланған 560 адамның созылмалы ауруы бар екенін мәлім етті.

Фото: ДСМ Facebook парақшасы

«Су тасқыны аймақтарынан эвакуацияланған 560 адамның әртүрлі созылмалы аурулары бар. Олар сондай-ақ орналасқан жері бойынша толығымен тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Атырау, Құлсары қалаларында денсаулық сақтау саласындағы жағдай тұрақты. Су тасқынына байланысты азаматтар медициналық көмекке жүгінген жоқ, медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Қостанай қаласында су тасқынынан зардап шеккендер үшін 88 эвакуациялық пункт ашылды. Медициналық көмекке мұқтаж адамдар үшін қала стационарларында қосымша 195 төсек-орын орналастырылды.

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупіне байланысты облыстық кардиологиялық орталық ғимаратында емделіп жатқан пациенттер қалалық көпбейінді ауруханаға ауыстырылды, онда 111 төсек-орын берілді. Барлық 109 пациент ем алуда», - деді ресми өкіл.

Әйгерім Оразалиев Маңғыстау өңірінде тасқыннан кейін емге жүгінген тұрғындар туралы мәлімет ұсынды.

«6 сәуірде су басу қаупіне байланысты Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық орталық ауруханасына Жылыой аудандық ауруханасынан 51 науқас көшірілді. Олардың барлығы емдеу хаттамаларына сәйкес жоспарлы көмек алуды жалғастыруда. Бейнеу қаласында медициналық көмек көрсету үшін Ақтау қаласындағы облыстық стационарлардан қосымша 8 дәрігер іссапарға жіберілді», - деді ол.