«Тасқынның салдары ет пен малдың бағасына әсер ете ме?» - деп сұрады журналист Сенат отырысынан кейін.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин тасқыннан қырылған малдың саны елдегі жалпы малдың 1 пайызына да жетпейтінін айтып, мұндай көлем нарыққа әсер етпейтініне сендірді.
«Жоқ. Біздің Қазақстанда 9 миллионға жуық ірі қарамыз бар, 27 миллионға жуық қойымыз бар, 4 миллионға жуық жылқымыз бар, басқасын есептемегеннің өзінде. Жаңағы 12 мың бас жалпы малдың 1 проценті де болмайды ғой. Сондықтан ешқандай әсері болмайды», - деді министрдің орынбасары.