АСТАНА. KAZINFORM — Су тасқыны жағдайы бойынша 30 мамыр, сағат 10:00–дегі ақпарат жарияланды.
Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, республика бойынша 63 032 адам үйіне оралды.
5193 адам эвакуация пунктерінде тұрып жатыр.
27,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды.
8,1 млн астам қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.