«2024 жылдың 19 тамызындағы жағдай бойынша, сақтандыру ұйымдарына Қазақстандағы тасқындармен байланысты 164 өтініш түскен. Оның 120-сы жеке тұлғалардан, 44-і заңды тұлғалардан түскен. Қазіргі таңда өтініштердің төлем сомасы 907 млн теңгеге жетті. Оның ішінде жеке тұлғалардан 395,2 млн теңгенің, заңды тұлғалардан 512,5 млн теңгенің өтініші келген.
Қалған өтініштерді сақтандыру ұйымдары әлі қарап жатыр», - деп жазылған жауапта.
Агенттік мамандары пәтерді сақтандыру полисінің құны түрлі факторге байланысты әр түрлі құбылып тұрғанын айтады.
«Оның ішінде тұрғын үйдің орналасқан жері, пәтер бағасы, ауданы мен ғимараттың қандай материалдан салынғаны сияқты факторлар сақтандыру құнына әсер етеді. Орта есеппен алғанда, пәтер мен жер үйдің жылдық сақтандыру құны бірнеше мың теңгеден ондаған мың теңгеге дейін барады. Нақты бағаны сақтандыру ұйымдарынан білген абзал», - деп жазылған агенттік мәліметінде.