Тасқынның қауіпті кезеңі артта қалды ма – министр жауабы

Фото: Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елдегі тасқын кезеңі қашан аяқталатынын айтты.

— Тасқын кезеңіне келсек, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары қалып тұр. Басқаша айтсақ, тасқынның екінші, үшінші толқындары болып жатыр. Өздеріңіз де көріп жатырсыздар, үлкен бір қауіпті жағдай болып жатқан жоқ. Біз өзіміздегі су қоймаларын реттеп жатырмыз. Осы айтылған үш өңірде де су қоймаларында бос сыйымдылық бар, — деді министр журналистің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, ол сәуір аяқталғанша тасқын қаупі сақталатынын айтты.

— Сондықтан біз соншалық қауіп көріп тұрған жоқпыз. Тасқынның қауіпті кезеңі өтті деп айта алмаймыз, бірақ сәуір айының аяғында, 25-нен кейін өтті деп айта аламыз, — деді Нұржан Нұржігітов Астанада өтіп жатқан Қазақстанның су секторын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының кулуарында.

Осы жиында Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық құжаттарға қол қойылды