ТЖД мәліметі бойынша, төтенше жағдай өткен түнде сағат 24:00 шамасында орын алған. Көкшетау гидробекетінен шыққан су мен қар қосылып, Шағалалы өзені арнасынан асып кеткен. Әзірге тұрғын үйлерді су алғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Тек Краснояр бағытындағы Көкшетау қаласының іргесіндегі саяжайларға су келген көрнеді.
Қазіргі кезде ТЖД күштері мен құралдары су ағысын реттеуге бар күшті жұмылдыруда.
15:11, 12 Сәуір 2017
Тасқын су Көкшетау қаласының іргесіндегі тас жолды шайып кетті
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр елді мекенінің маңында су тасқыны орын алып, ауылдан шыға беріс тасжолды шайып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.