Тасқын судан тазаланған ауылдарды дезинфекциялау жұмыстары басталды
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдан Ахметовтың айтуынша, дезинфекциялау жұмыстары алдымен әжетханаларда жүргізіледі.
«Қазіргі таңда судың деңгейі түскен ауылдардағы аулалық әжетханаларында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әзірге Фердауси және Өргебас елді
Дезинфекциялау жұмыстары мұнымен шектелмейді. Сондай-ақ, елдімекендердегі су ұңғымалары мен ауыз су құбырлары да тиісті әдістермен тазартылады. Соңында ауыз суға сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тексерілетін болады», – дейді А.Ахметов.
Айта кетейік, жалпы дәрілеу жұмыстарына «Шымкент дезинфекция» мекемесінің арнайы 6 маманы жұмылдырылған.