Тасмағамбетов Премьер-Министрдің орынбасары қызметінен босатылды
19:35, 03 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.