350-ге жуық кит өлген. Бұл көрсеткіш Аустралияның осы бөлігіндегі сүтқоректілердің жаппай өлуінің ең көбі болды. Алайда экологтардың айтуынша, құтқару тобы бес күн ішінде аса ауқымды жұмыс жасаған. Бұл киттер - 7 м-ге дейін өсетін және салмағы 3 тоннаға дейін жететін мұхит дельфиндерінің бір түрі, сондықтан оларды теңізге кері қайтару өте қиын.
Ғалымдар топ-тобымен жүретін киттердің кей кездері жағаға не үшін келетінін білмейді, бірақ олардың көшбасшының соңынан еретіні, жараланған немесе зардап шеккен киттің айналасына жиналатыны белгілі.