ТАСС Бас директоры: ҚазАқпарат - сенімді серіктес
«95 жылда ҚазАқпарат ұзақ жолдан өтті және ол елдің маңызды оқиғаларын қамтып, тарихын жеткізген - Қазақстанның нағыз шежіресі.
Өзінің кәсіби жұмысы және объективті журналистика принциптеріне деген беріктігінің арқасында бүгінгі таңда ҚазАқпарат Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де кеңінен танымал және құрметке ие болды. Медиакеңістік өзгеріп жатқан қазіргі уақытта агенттік республикадағы ақпараттық ортада жетекші орындарды сақтап қалды. Жеделдіктің шынайылықпен үйлесуі ҚазАқпараттың түрлі аудиториялардағы абыройын асырып, оны ел өмірі туралы ақпараттың басты көзі етуде.
ТАСС агенттігі ҚазАқпаратты сенімді серіктес ретінде қарастырады. Өзара пайдалы, жемісті ынтымақтастықтың жалғасатындығына сенімдіміз, шығармашылық табыс, тұрақты даму мен өркендеу тілейміз!», - делінген құттықтау хатта.