Татарстан кәсіпкерлері АХҚО мүмкіндіктерімен танысты

Фото: None
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Татарстан кәсіпкерлеріне «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл туралы Татар-информ хабарлайды.

«Қазан қаласында «Астана» халықаралық қаржы орталығының сарапшылары Татарстан кәсіпкерлеріне өз мүмкіндіктерін таныстырды», - деп хабарлады ТР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған орталық капитал нарықтары мен исламдық қаржыландыру секторын дамыту, жекеменшік тұлғалардың қаржысын басқару, жаңа қаржылық технологияларды дайындау, т.б мәселелермен айналысады. 

ТР Экономика министрі Фарид Абдулғаниев кездесу кезінде Татарстан мен Қазақстан арасын тығыз ынтымақтастық байланыстырып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, екі жылдың ішінде республикалар арасындағы сыртқы тауар айналымы 1 млрд жуық долларды құраған. 2017 жылы Татарстандаы шағын және орта кәсіпкерліктің 28 субъектісі Қазақстандағы 86 контрагентпен экспорттық келісімшарт орнатты, деп баяндады министр.

Конференцияға сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Еркін Тұқымов пен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар