Татарстан муфтиіне қастандық жасады деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Казаньда Татарстанның муфтиі Илдус Файзовке жасалған қастандыққа күдікті ретінде Өзбекстанның 36 жастағы Абдунозим Атабоев есімді азаматы ұсталды,

деп харлайды лента. ру. РФ-ның Тексеру комитеті хабарлағандай, қолға түскен ер адам муфти мінген көліктің соңына түсіп, жарылыстан кейін оқиға орнынан ізін суытқан.

 Тексеру комитеті оқиғаға қатысты басқа мәліметтерді хабарламай отыр.