«Жарасымның» төрағасы Тимур Жұмырбаев бастаған делегация Қазанда 1-5 тамыз аралығында өткен VIII Бүкіләлемдік татар жастары форумына орай Татарстанға барды.
Қазақстандық қонақтар Татарстанның ұлттық саясат саласындағы қызметімен танысып, өз тәжірибесін бөлісті.
Жалпы «дөңгелек үстел» барысында өзара ынтымақтастық перспективалары талқыланып, тиісті келісімдерге қол қойылды.