Татарстанда «Алтын адам» көрмесі ашылды
«Қазақстан мен Татарстан мәдениет министрліктерінің қолдауымен «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруінің» салтанатты ашылуы және Қазақстан киносының күндері өтті. Көп рахмет, құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы», - деп қуанышты хабарымен бөлісті Қазандағы Қазақстанның бас консулы Еркін Тұқымов Faceebook-тегі парақшасында.
Экспозицияда «Алтын адам» аталатын Қазақстанның символы таныстырылды.
Алматы төңірегіндегі сақ патшасының бай қазба мұрасын 1970 жылы аргеолог Кемаль Акишев тапқан болатын. Қазандықтар жауынгермен байланысты темір дәуіріне тиесілі басқа да 127 археологиялық қазба байлықтарымен танысады.
Көрме бұған дейін Минск, Мәскеу, Баку, Сиан, Гданьск және Сеул қалаларында болды. 2019 жылы Өзбекстан, Малайзия, Грузия, Испания, Италия және әлемнің басқа да қалаларында ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін де Татарстан Республикасында «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.