Кинотуындыда Шолпан Хаматова, Рената Литвинова, Марат Башаров, Федор Бондарчук, Артур Смольянинов, Елизавета Боярская, Мария Миронова, Ирина Пегова, Александр Балуев, Евгений Цыганов, сондай-ақ Ирина Шейк және «Голос» шоуының алғашқы маусымының жеңімпазы Дина Гарипова тарихи рөлдерді сомдамақ. 16 бөлімнен тұратын жобаның әр сериясының бюджеті 25 млн рубльді құрайды. Барлық түсірілімге 400 млн рубль жұмсалмақ. Дайындық жұмыстары алдағы жылдан басталып, негізгі түсірілім қыркүйек-желтоқсан айларында жүргізіледі. Телетуынды көрермен назарына Ресей «Бірінші арнасынан» 2017 жылдың күз-қыс маусымында ұсынылады. Алтын Орда тарихынан сыр шертетін телехикаяның 70 пайызын Татарстанның көрікті жерлерінде түсіру жоспарланған.
08:15, 01 Қараша 2015
Татарстанда Алтын Орда тарихы туралы телехикая түсіріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Татарстанда Алтын Орда туралы телехикая түсіріледі, деп хабарланған "Нұр Астана" мешітінің сайтында.