Татарстанда қазақ фотографы Рафхат Халеловтің жеке көрмесі ашылады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - 23 қаңтар күні Татарстанның Халықтар достығы үйінде «Қазақ даласынан ескен достықтың самалы» деген атпен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Рафхат Халеловтің фотокөрмесі ашылады.

Татарстанның Халықтар достығы үйінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, экспозиция жүздеген суреттерден тұрады. Олардың арасында танымал саяси қайраткерлердің, ақындар, жазушылар, әртістер, ұлттық диаспора өкілдері мен ардагерлердің суреттері бар. Жеке серияның біреуі көпұлтты Татарстан Республикасының астанасы - Қазанға арналған.

Рафхат Елжасұлы Халелов 1971 жылы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданының Қалдығайты ауылында мұғалімдердің отбасында дүниеге келген. Ол Батыс Қазақстан университетін тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын ол Қаратөбе ауданының тұрмыстық комбинатында суретке түсіруші болып бастады. Ол түрлі қызметтерді атқарды, алайда оның жұмысы қашанда фотосуретпен байланысты болды. Рафхат Халеловтің жан-жақты қызығушылығын оның туған өлке табиғатына арнаған суреттері дәлел бола адады. Фотосуретші өзінің жұмыстарын «Жаз кезіндегі күннің батуы», «Қысқы ертегі», «Шаған жағалауы», «Таңғы тыныштық» деп атаған.