Татарстанда «Сабантой» мерекесі кезінде көтерілген дауылдан екі бала мен кейуана жапа шекті. ВИДЕО

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Жексенбі, 9 маусым күні Татарстанның Ютазинск ауданы Каклы-Куль ауылында өткен «Сабантой» ұлттық мейрамының үш қатысушысы кенеттен көтерілген дауылдан зардап шекті.

Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, «Интерфакс-Поволжье» агенттігі жазып отыр.

Жедел жәрдем қызметі Ютазинск ауданының Уруссинск орталық ауруханасына жарақаттар алған екі баланы және 85 жастағы кейуананы жеткізді.

Аурухананың бас дәрігері Ренат Фатыховтың айтуынша, дауыл шамамен сағат 14 және 15-тер аралығында көтерілді. «Үлкен үрмелі батутта бірнеше бала ойнап жүрген. Кенеттен көтерілген дауылдың салдарынан ол аударылып түсті. Қатты жел сауда шатырларының бірін де аударып, көкке көтерді», - дейді ол.