Татарстанда түркі халықтарының дәстүрлі мәдениетіне қатысты конференция өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың сәуір айында Татарстан астанасы Қазан қаласында «Алмағайып әлемдегі түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті» атты І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Халықаралық түркі академиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында көтерілетін негізгі тақырыптар - түркі халықтарының дәстүрлі мәдениетінің бүгінгі ахуалы, зерттелуі, пәнаралық аспектілері, түркілердің фольклоры мен музыкасы болмақ.

Конференцияға ғылыми қызметкерлер, білім беру құрылымдарының оқытушылары және аспиранттар қатысады.

Татарстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен өтетін ғылыми жиын аясында дөңгелек үстелдер, семинарлар мен мастер класстар өткізу жоспарланған.