— Оқиға Лобач тауының жанындағы Камское Устье елді мекенінің маңында болды. Cessna-17 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. Бортта барлығы төрт адам болды, олардың үшеуі қайтыс болды, оның ішінде бала бар. Тағы бір адам зардап шекті, - деді шұғыл қызмет өкілдері.
Апаттың негізгі себебі ретінде техникалық ақаулық пен ұшақты басқарудағы қателік болуы мүмкін деп болжанған.
Ресейдің аймақаралық тергеу басқармасының тергеушілері оқиға орнына барып, РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабы бойынша (қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу) тергеу бастады.
Қылмыстық іс қозғалды.