Естеріңізге сала кетейік, бүгін шамамен сағат 10.00-де Татарстанның мүфтиі Илдус Файзов отырған көлік жарылды. Жарақат алған мүфти жедел жәрдем көлігіне өз күшімен келді. Ал шамамен осы уақытта мүфтидің орынбасары Валиулла Якуповты біреулер үйінің алдында атып кетті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, мүфтидің көлігі Мусин және Четаев көшелері қиылысында жарылды.
Екі факті бойынша РФ тексеру комитетімен қылмыстық істер қозғалды. Айта кетейік, жасалған қастандық олардың кәсіби қызметтеріне байланысты болуы мүмкін деген болжам бар.
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарланғандай, соңғы уақытта Татарстанның жекелеген діни топтары қажылықты ұйымдастыруға шағымданған, олардың пікірлерінше, мүфти басшылығы қажылардан ірі көлемде заңсыз ақша алып тұрған. Сонымен қатар, діни қайраткерлер белсенді түрде радикалды исламға қарсы шығып тұрған.