Татарстанның Президенті Рустам Минниханов жұмыс сапарымен Қазақстанға келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Татарстанның Президенті Рустам Минниханов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде болады, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Татарстан басшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің кездесуінде әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланады.

Тараптар сондай-ақ, ҚР мен ТР қорғаныс өнеркәсібі кешендерін дамыту саласындағы жобаларды іске асырудағы өзара іс-қимылдың тиімді жолдарын қарастыратын болады.