Тәттіқұмар полицейлер жұмыстан қуылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландияда корольдік ат қорадан тәтті тағам ұрлаған сегіз полицей қарабет болып, құқық қорғау органдарының қатарынан шығарылды, деп хабарлады Day.Az ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

Telegraph газеті жазғандай, бұрынғы тәртіп сақшылары сауда автоматын ұрып, теуіп одан шоколад немесе бума конфет алмақ болған. Олардың бұл әрекеттері камераға түсіп қалыпты.

Аппарат иесі нақты пайдасын есептей алмай, тергеу амалдарын бастауды сұрайды.

Полицияда жұмыстан шығаруды олардың сенімнен қалғанын айтып түсіндірді. Бұл полицейлер өздері күзететін жерде ұрлық жасаған.