Ғалымдар онмыңдаған америкалықтың қантты тұтыну деңгейi мен жүрек ауруларынан көз жұмудың жиiлiгiн салыстырып көрдi. Осының арқасында өлiм-жiтiм мен қантты мөлшерден тыс тұтынудың арасында байланыс бары анықталды. Егер адам күндiзгi тамақтан бөлінген калориялардың 1/4 бөлiгiн қанттан алған болса, демек оның өмiрiне үш есе қауiп төнедi. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы оның деңгейiн 10 пайыздан асырмауға кеңес бередi, деп хабарлайды MedDaily.
Алайда, батыс елдерiнiң жасы да, кәрiсi де қанты көп тағамдарды жиi тұтынады. Мамандар сатып алған азық-түлiктер мен сусындардың қораптарынан қанттың мөлшерiн оқып, оны тұтыну деңгейiн қатаң қадағалап отыру қажет деп отыр. Егер белгiлi бiр тағамның құрамында 100 граммның iшiнде 22,5 грамм қант болса, ол жоғары деп есептеледi. 100 граммда 5 грамм қант мөлшерi кездессе, бұл ең төменгi деңгей деп саналады.