«Тату-Агро» томат сықпасын шығарады - Қызылорда облысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Былтыр Жаңақорған ауданының Бесарық ауылдық округіндегі 13 шағын шаруа қожалықтарының басын біріктіріп,

ірілендіру арқылы құрылған «Тату-Агро» шаруашылығы биыл ауылда томат сықпасын шығаратын зауыт орнату қамына кірісті.

Аталмыш шаруашылық өткен жылы 200 гектар жерге тамшылатып суару арқылы көкөніс дақылдарын отырғызған еді. Осы танаптан ол 11 800 тонна қызанақ алып, оның гектарына 60 тоннаға жуық өнім жинаған. Сол өнімді фермерлер Сайрамдағы томат сықпасын шығаратын зауытқа өткізді. Ал биыл сондай зауытты өздерінде орналастыруға шешім қабылданды.

Бүгінде жаңа зауыт Италияда құрастырылуда. Оның екі жүйесі бойынша тәулігіне 600 тонна томатты өңдеп шығара алады. Қазір шаруашылық алқаптарында сол өндіріс орны үшін қызанақ өсіріліп жатыр. Зауыт қыркүйек айында іске қосылады деп күтілуде. Ол пайдалануға берілгенде тағы 70 адам жұмысқа тартылатын болады.