Тәу етушілер мінген автобус жер астына түсіп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Подмосковьеден шыққан тәу етушілер Крупецк  монастырынан Псков Кремліне бара жатқан жолда  оғаш оқиғаға тап болды.

Автобус жүргізушісі Купровщина елді мекеніне жете бере жол жиегіне тоқтаған. Тап осы мезетте машина астындағы топырақ ойылып кеткен. Жолаушылар көлігі жыраға құлады.

Тәу етушілер мен жүргізуші зардап шеккен жоқ, деп хабарлады Ресей ІІМ баспасөз қызметі.

Оқиға орнына облыстық ІІД қызметкерлері шұғыл жетті.

Автобус жырадан шығарылды, бірақ тәу етушілерге одан әрі сапарларын басқа машинамен жалғастыруға тура келді.