Ол бұл пікірін бүгін Астанада өткен тау-кен металлургия қызметкерлерінің ІІ съезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің сөзіне қарағанда, мемлекеттің тау-кен металлургия кешенін дамыту саясаты екі бағытты жүзеге асыруға мақсатталған. Соның біріншісі, ірі кәсіпорындарды негізгі металдардың өндірісін ұйымдастыруға ынтыландыру. Аталмыш бағытты жүзеге асыру бұл ірі кәсіпорындар істеуі тиіс шаруалар. «Қазіргі уақытта жыл сайын 1,5 млн. тонна концентраттар экспортталады. Алайда оларды Қазақстанда өңдеу үшін өндірістік қуаттар бар. Сондықтан бұларды Қазақстан аумағында өңдеу үшін қажетті өндірістік қуаттардың бар кезінде шикізатты сыртқа шығаруды ынталандырмауымыз керек. Тұтастай алғанда, жоғарыда айтылған шараларды жүзеге асыру үшін нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгертулер енгізу қажет. Тау-кен компанияларының жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттарында негізгі металдарды өндіруді ұйымдастыру жөніндегі талапты қарастыру керек», деді Ә. Исекешев.
Оның айтуынша, сондай-ақ әрбір кен орны бойынша игерудің бекітілген мерзімдері мен негізгі металдарды өндіру ұйымдастырылатын бағдарлама әзірленуі керек. Минералдық-шикізаттық ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында минералдық ресурстарды кешенді өңдеуді қамтамасыз ету жөніндегі талапты заңнамалық тұрғыдан қатаңдату қажет. «Тау-кен кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүзеге асыру біздің министрліктің құзырында екенін ескеріп, тау-кен жұмыстарының жоспарын бекіту жөніндегі функцияны Индустрия және сауда министрлігіне беруді дұрыс деп есептейміз», деді Ә. Исекешев.