Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласында 11 жоба іске қосылуда

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында тау-кен өнеркәсібі саласында 11 инвестициялық жоба іске қосылуда,

деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Pm.kz сайтына.

«Жалпы құны 35,5 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске қосу көзделген, сол арқылы 1,8 мың жұмыс орны ашылады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Аталған өндірістер елде жаңа экономикалық өсім орталықтарын құруға, басым бағыттарды дамытуды теңдестіруге мүмкіндік беретін үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.