Тау-кен металлургия саласын Қазақстан экономикасының басым секторы ретінде мойындау туралы ұсыныс жасалды
Онда Қазақстанның тау-кен металлургиясын 2012-2014 жылдардағы экономиканың басым секторы ретінде қарастыру туралы ұсыныс жасалды. Бұндай ұсыныс Съез жұмысының қорытындысына орай қабылданған қарарда да қамтылды.
Бұдан бөлек, Съезд инвестициялық жобаларға қолдау көрсету мен мемлекеттік қолдауларды жетілдіре түсуді қоса алғанда, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында қамтылған міндеттерді орындауға күш-жігерді жұмылдыруға шақырады.
Сонымен қатар, Съездің қарарында Қазақстанның тау-кен металлургиясын одан әрі дамытудың бірқатар кешенді мәселелері туралы да айтылады. Атап айтқанда, тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының осы салада еңбек ететін жұмысшылар Кәсіподағымен бірлесе отырып, дағдарыс жағдайларында кәсіпорындардың орнықты жұмысын қамтамасыз етуге және жұмысшылар орнын сақтауға бағытталған даму стратегияларын әзірлеп, қабылдау туралы ұсыныстар қамтылған.