«Қазақстандағы барлық күрделі инвестициялардың үштен бірі тау-кен өнеркәсібіне бағытталады. Бұл сегменттегі бүкіл инвестицияның 85%-ы мұнай мен газ өндіретін өңірлерге тиесілі.
Тау-кен өнеркәсібі мен кеніш қазу саласындағы инвестициялар көлемі қаңтар-тамыз аралығында 2,7 трлн теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1% артық», - деп жазады Finprom.kz.
Нақтырақ айтсақ, Атырау облысына 1,6 трлн теңге, Ақтөбе облысына 335,9 млрд теңге, Маңғыстау облысына 198,6 млрд теңге және Батыс Қазақстан облысына 175,3 млрд теңге инвестиция бағытталған.
«Тау-кен өнеркәсібі мен кеніш қазу саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың 90%-ға жуығы бизнестің өз қаражаты есебінен қамтамасыз тартылады. Биылғы қаңтар-тамыз аралығында бұл көрсеткіш 2,4 трлн теңге болып отыр. Яғни, 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,2% артық», - делінген сараптамада.