Әкім тапсырмасын жүзеге асыруға облыстық автомобиль жолдары және жолаушы тасымалы басқармасының мамандары іске кірісті. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, жуық арада айналма жолдың ең тиімді жобасы жасалмақ.
«Жол салуға қажет қаржы төтенше жағдайларға арналған қордан бөлінуі мүмкін. Егер керек сома көлемі аз болса қаражат жергілікті мәслихат шешімімен бюджеттен қарастырылуы да мүмкін»,- деп атап өтті баспасөз хатшысы.