ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғы спортынан Игорь Закурдаев пен Мария Григорова іріктеу кезеңінен өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ерлер арасында супер гигант сынында бақ таластырған Закурдаев мәре сызығына 39-шы болып жетсе, әйелдер арасында ел намысын қорғаған отандасымыз Мария Григорова 57-ші орынға табан тіреді.
Аталған додада ерлер арасында бірінші және екінші орындарды норвегиялық шаңғышылар Аксель Лунд Свиндаль мен Хьетиль Янсруд бөліссе, швейцариялық Беат Фойц үшінші орынды қанағат тұтты.
Ал әйелдерден ең үздік орынға италиялық Мануэла Мольгг қол жеткізді, екінші орынды АҚШ спортшысы Майкл Шиффин жеңіп алды. Ал үшінші орынды тағы бір италиялық спортшы Федерика Бригнон еншіледі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.