Тауар биржасындағы астықтың бағасы тұрақты

АЛМАТЫ. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / - «Еуразиялық сауда жүйесі» тауарлық биржасында 3, 4-ші сыныпты астық үшін кезекті сауда өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндізгі сессия барысында 3 сыныпты астық үшін жалпы құны 11 752 000 теңгеге наурыз, сәуір, мамыр айларында орындалуы тиіс 12 фьючерстік келісімшарт жасалынды. Наурыз айында орындалуы тиіс фьючерстік келісімшарттың бағасы 15400-ден 15 мың теңге аралығында болды. Сессия қорытындысы бойынша 15 мың теңгені құрады.

Ал 3 сыныпты астықтың сәуір айындағы фьючерстік бағасы алдыңғы саудамен салыстырғанда 250 теңгеге арзандап, сессияның жабылуы кезінде тоннасына 15100 теңге болды. Мамыр айындағы фьючерстік келісімнің бағасы да 250 теңгеге төмендеп, сессияның жабылуы кезінде 15100 теңгені құрады.

4-ші сыныпты астықтың наурыз айындағы бағасы тоннасына 14050 теңге болды. Ал сәуір айындағы келісім бағасы 590 теңгеге қымбаттап, тоннасына 12890 теңгені құрады. Мамыр айындағы келісім бағасы да 580 теңгеге өсіп, тоннасына 12870 теңге болды.

Биржаның сарапшылары сауда қорытындысы бойынша жалпы алғанда астық бағасы тұрақты қалғанын айтып отыр.