Тауар және қызмет бағалары бір айда 0,4 пайызға өскен

None
АҚТАУ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Облыстың тұтыну рыногында өткен жылдың желтоқсанында тауар және қызмет бағалары алдыңғы аймен салыстырғанда 0,4 пайызға өскен. Ай ішінде азық-түлік тауарларына баға өсімі – 0,8, азық-түлік емес тауарларға баға 0,1 пайызды құрады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Азық-түлік тағамдары тұтас алғанда бір айдың ішінде 0,8 пайыз қымбаттады. Оның ішінде баға макарон өнімдеріне ? 3,5, балыққа және теңіз өнімдеріне ? 3,4, балалар тамағына ? 2,2, алкоголді сусындарға 1,1 пайыз айрықша өскені байқалды. Көкөністер ? 5,5, жеміс-жидектер 4,7 пайыз қымбаттады. Көкөністерден қызанаққа ? 13,3, қиярға ? 10, тәтті бұрыш және ащы бұрышқа ? 8,3 және шомырға 7 пайыз бағаның айрықша өскені байқалды. Ал ашытылған қырыққабат 10,2 пайыз қымбаттаған. Жұмыртқа бағасы 2,5 пайыз және күнбағыс майының бағасы 1,9 пайыз кеміді. 2008 жылдың желтоқсанында негізгі тоғыз тағам өнімдерінен тұратын азық-түлік жиынтығының (бір келі сиыр етінің, сары майдың, бидай нанының, өсімдік майының, қанттың, картоптың, қырыққабаттың, бір литр сүт пен он жұмыртқаның) құны Батыс Қазақстан облыстары бойынша мынандай болды: Ақтау мен Атырауда ? 2729 және 2281 теңге, Ақтөбе мен Орал қалаларында - тиісінше 1977 және 1964 теңге. Негізгі тағамдық азық-түліктерді тұтынудың ең аз нормасына сүйеніп есептелген ең аз күнкөрістің жан басына шаққандағы шамасы орташа алғанда 2008 жылдың желтоқсанында 2007 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 12,8 пайызға артып, 15142 теңгені құрады (тамақ өнімдері ? 9072 теңге, азық?түлік емес тауарлар және ақылы қызмет ? 6056 теңге).