Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды растау үшін мәліметтер жіберілген кезде, чат-бот тауарларды әкелінген өткізу пунктінің қызметкерлеріне деректерді автоматты түрде қайта жібереді.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері растаған сәтте, чат-ботқа растау туралы хабарлама келеді.
«Telegram мессенджеріндегі чат-ботқа қосылу үшін @snt-approval_bot теріп, жұмысты бастау және чат-боттың сұрауларын орындау қажет» деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде.
Барлық сұрақтар бойынша комитеттің байланыс телефонына 7 701 707 1411 whatsapp мессенджері арқылы хабарлама жіберуге болады.