«Құтқару қызметі» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше болған. Кешкі 15:55 шамасында Бутаковка шатқалында 46 жастағы әйелдің аяғын сындырып алғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен 5 адамнан тұратын құтқарушылар экипажы алғашқы көмек көрсетіп, әйелдің аяғын таңып берді.
Кейін альпинистік құрылғыларды пайдалана отырып, мертіккен адамды жедел жәрдем көлігіне жеткізіп берді.
Әйел қазір қаладағы медициналық мекемеде стационарлық көмек алып жатыр.