Тауда жоғалған 7 жасар баланың денесі табылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында тауда жоғалған 7 жасар Ернұр Садуақастың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, баланың денесі бүгін 17:40-та Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы тау баурайынан табылған.

Бала 14 шілде күні жоғалған. 

Оны іздестіруге ТЖД, əкімдік өкілдері,полиция, сарбаздар жұмылдырылған еді. Іздеу тобы маңайды тікұшақпен сүзіп, Қырғызстан шекарасына дейін тінтіп шыққан болатын.