Ұшуға арналған киім - вингсьют киген Фред Фюген және Винс Реффет есімді франциялық экстремалдар Швейцария Альпісінің Юнгфрау шыңынан секірген. «Жарқанат адамдар» 4062 метр биіктіктен старт алған. Олар сағатына 137-138 км жылдамдықпен ұшып келе жатқан ұшақтың ішіне сәтті «қонады». Видео күніне миллиондаған қаралым жинауда.
Спортшылардың айтуынша, олар осы трюкты орындау үшін Испанияда жүздеген жаттығуларды өткізуіне тура келген.