деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Петропавл қалаларында іске асырылмақ. Жобаның басты мақсаты - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының жұмысы мен оған 2010 жылы төрағалық ету кезеңіндегі Қазақстанның рөлі жайында халыққа ақпарат тарату. Сондай-ақ Қазақстанның Төраға ретіндегі саяси міндеттемелерін азаматтардың түсіну деңгейін жоғарылату.
«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі елдің саяси жүйесін модернизациялауға, қоғамдық-саяси өмірінің одан ары демократиялануына ықпал етеді деп жоспарлануда. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан ел тұрғындары ЕҚЫҰ іс-әрекеті мен Қазақстанның оның құрамындағы жұмысы жайлы жетік білмейді. Халықтың едәуір бөлігі ЕҚЫҰ қандай ұйым екенін, оның тарихы мен мақсат-міндеттерінен хабарсыз», дейді тәуелсіз бақылаушылардың республикалық желісінің президенті Тасқын Рахымбекова. Оның айтуынша, жобаның аясында жаттықтырушыларға, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдеріне тренингтер мен семинарлар жүргізіледі. Сонымен қатар бейнероликтер шығарып, еріктілердің көмегімен ақпараттық буклеттер, кітапшалар мен үнпарақтар таратылмақ.