Тәуелсіз байқаушылар сайлау үдерісіне іркіліс элементтерін енгізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіз байқаушылар санының көп болуы сайлау үдерісіне іркіліс элементтерін енгізеді. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Республикасындағы сайлауларды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездескен ТМД байқаушылар миссиясы штабының өкілі өкілі Олег Кулеба айтты.

«Біз байқау жүргізген барлық мемлекеттерде ішкі байқаушылар институтының да бар екендігі сөзсіз. Олар негізінен президенттікке немесе депутаттыққа кандидаттың не болмаса партияның өкілі болады. Ал сіздердікіндей 10 мыңға жуық байқаушысы бар ұйыммен алғаш рет кездесіп отырмыз. Сондықтан да сіздердің ұйымдардыңыздың тәжірибесі біздер үшін қызықты болып отыр», - деді ол.

Оның атап өтуінше, осыншама байқаушылардың сайлау үдерісіне қатысуы сайлаудың барлық кезеңдеріндегі түрлі іс-қимылдарды тыңғылықты бақылауға мүмкіндік беріп, іркіліс элементтерін енгізеді.