Тәуелсіз байқаушылардың республикалық жүйесі: БАҚ-да саяси партиялардың ақпараттық науқандарының көрініс табуы жақсарды

АЛМАТЫ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының сайлау өткізуге және сайлау күніне дайындық бойынша жұмысы қанағаттанарлық.

  Бүгін Алматыда  Тәуелсіз байқаушылардың республикалық жүйесі (ТБРЖ) ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және ҚР мәслихаттарына депутаттарды кезекті сайлауы бойынша ұзақ мерзімді бақылаудың алдын ала тұжырымдамасын таныстыру кезінде осылай айтылды.

Қоғамдық қор бұл бақылауды 1 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында Қазақстанның 13 аймағында (Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылода, Солтүстік Қазақстан,  Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар  облыстары) және Астана, Алматы,   Риддер қалаларында  жүргізген.    РБРЖ  заңгері Амангелді Шорманбаевтың айтуынша, іс-шаралар  кезінде қанағаттанарлық және алаңдатарлық жағдайлар  да болды. "Қанағаттанарлығы  - ақпарат құралдарында партиялардың үгіт-насихаты бұрынғы жағдайларға қарағанда кеңірек және бұрын болмаған көлемде таратылуда. Саяси партиялардың өз араларында телевизиялық саяси пікірталас өткізуін де  жақсы деп санауға болады. Сайлау комиссияларының жұмысы  да дұрыс өтуде. Соның бір көрінісі сайлаушылар тізімінің көптеген жерлерде ашық түрде жариялануы. Кез келген партия мен кандидаттар оны  қарап, тексере алады. Алдағы уақытта бұл тәжірибе барлық сайлау учаскелік комиссияларында қолдау табатынына үміт бар", дейді А. Шорманбаев. Оның пайымдауынша,  алаңдатарлық жағдайлар -саяси партиялардың арасында  ҚР  Парламенті Мәжілісіне үміткерлер ұсынған саяси  партиялардың біреуінде - тек "Нұр Отан" ХДП-да ғана, толық тізім бар. Мәселен "Нұр Отан"  - 127,  Ақ жол" - 63, "Әділет"  - 59, ЖСДП  -   54, ҚКХП - 21, "Ауыл"  18 үміткер ұсынды. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Парламент Мәжілісі сайлауына 9 орынға  9 адам ұсынды. Онда  үміткерлер арасында ешқандай балама жоқ.