«Тәуелсіз Қазақстан» пойызымен келген тарих ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Әміржан Әлпейісов бастаған ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы және түрлі министрліктердің өкілдерінен құралған 200-дей адамды ерейментаулықтар қуанышпен қарсы алды.
«Жеті министрлік пен үш ұлттық компанияның өкілдері күні бойы ерейментаулықтарға медициналық, әлеуметтік және өзге де бағытта көмек көрсетуде. Оған қоса, тұрғындар Парламент депутаттарымен кездесіп, сауалдарын қоюда», - деп атап өтті «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы штабының жетекшісі Әміржан Әлпейісов.
Шара аясында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Бейбітшілік пен келісім - Қазақстанның бренді» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қонақтар еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.