Бұл туралы Қазақстан Републикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгінде Маңғыстау облысында 724 777 адам тұрады. Оның ішінде қалада 290560 (40,1%) адам, ауылда 434217 (59,9%) адам. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Римма Өтешеваның айтуынша, 2020 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда халық саны 20302 адамға, яғни 2,9%-ға өсті.
«Жыл басымен салыстырғанда халық саны облыстың барлық аудандарында өскені байқалады. Ақтау қаласы тұрғындарының саны 2605 адамға артты. Сондай-ақ Өмірзақ селосында 59, Түпқараған ауданында 325, Мұнайлы ауданында 976, Жаңаөзен қаласында 758, Бейнеу ауданында 279, Маңғыстау ауданында 153, Қарақия ауданында - 51 адамға өсті», - деді Римма Утюшева.
Биыл қаңтар мен наурыз аралығында дүниеге келгендер саны 5350 адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4856 адамға көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 29,72 туылғандарды құрады.