Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС директоры Кенже Абдуллаев мәлім етті.
Ғалымның айтуынша, жаңа бидай сорты өзгелермен салыстырғанда суыққа төзімді келеді және оның сапасы айтарлықтай жоғары.
«Былтыр ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арнайы бидай сорты шығарылды және сынақтан өткізілді. Биыл сорттың алғашқы өнімі алынды. Басқалармен салыстырғанда, сапасы жоғары болып шықты. Суыққа да төзімді келеді", - деді К.Абдуллаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
К.Абдуллаевтың мәлімдеуінше, аталған сорт СҚО, Арқалық, Қарағандыда орналасқан тәжірибелік шаруашылықтарға жіберіледі. Сол шаруашылықтарда апробациядан өткен соң, көбейтіледі және өзге өңірлер мен шаруашылықтарға таратылады.