«Қазақстан көпұлтты және зайырлы мемлекет. Біздің музейде қазақ, орыс, татар, неміс әдебиетшілерінің еңбектері сақталып тұр. Бұл біздің еліміздің мәдениетіне зор үлес қосады», - дейді музей директоры.
Оның пікірінше, тәуелсіздік ұмыт болған құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртуға берілген ерекше мүмкіндік.
Павлодарда Достық үйі шатырының астында 23 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Мұнда балалар қазақ тілін үйренеді. Р.Игібаеваның айтуынша, бұл жерде қазақ тіліне деген құрмет ерекше, ол елдігіміздің Ту, Елтаңба, Әнұранымыз секілді басты атрибуттарының бірі саналады.