Соның ішінде, Орталық-Шығыс дәлізі бойынша 100 км, оның 33 км I техникалық санатқа жатады, 4 жолақты цемент-бетон жабындысы төселген;
- Орталық-Оңтүстік дәлізі бойынша Алматы-Қапшағай учаскесінде 62 км жол. Цемен-бетон жабындысы төселген, I техникалық санатқа жатады, 4 және 6 жолақты;
- Көкшетау-Петропавл учаскесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 30 км, II техникалық санатқа жатады асфальтбетон жабындысы төселген;
- Алматы-Өскемен автожолы бойынша Талдықорған және Қапшағай арасындағы 53 км аяқталды;
- Таскескен-Бақты автожолы бойынша 80 км. II техникалық санатқа жатады, асфальтбетон жабындысы төселген;
- Омбы-Павлодар-Майқапшағай автожолы бойынша Омбы мен Павлодар арасындағы соңғы 59 км аяқталды;
- Жезқазған-Петропавл автожолында Сәтпаев қаласын айналып өтетін ұзындығы 15 км жолдың құрылысы аяқталады;
Аталған учаскелердегі жұмыстар белгіленген мерзімде орындалды. Құрылыс жұмыстарына жаңа технологиялар қолданылды. Пайдаланылған материалдардың 90%-ы отандық өнім. Сонымен бірге аталған учаскелер 5 жыл бойы мердігердің кепілдігінде болады. Осы аралықта қандай да бір ақаулар пайда болса, оны мердігер компания өз есебінен жөндейді.