Бұл - Қазақстан Республикасының географиясы, тарихы, мәдениеті, этнографиясы, әлеуметтік және экономикалық жағдайы жағынан толық мәлімет беретін бірегей энциклопедиялық басылым.
«Қазақстанның Үлкен Атласы - еліміздің тарихынан бастап, экономикасы мен өнеркәсібіне дейін жан-жақты суреттейді. Кітаптың полиграфиялық деңгейі өте жоғары, онда 3000-нан астам иллюстрация пайдаланылған», - делінген «ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметі бүгін таратқан хабарламасында,
Атласты дайындауға Қазақстан мен Ресейдің көптеген ғалымдары мен мамандары қатысты. Олардың арасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Марғұлан атындағы археология институтының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, сонымен қатар ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайының, ҚР Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының, РҒА Археология және этнология Институтының Сібір бөлімшесі, РҒА Тарих институтының Қиыр Шығыс бөлімшесі, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Кемерово, Челябі және Сүргүт мемлекеттік университеттерінің, Мемлекеттік Тарих мұражайының, Ресей Мемлекеттік кітапханасының, Ресей Мемлекеттік көне актілері мұрағатының ғалымдары бар.